
Қаңғыбас мысықтар мен иттерге арналған жаңа питомниктің жұмысын қамтамасыз ететін компания ашық конкурс арқылы анықталады, оған барлық мүдделі еріктілер және басқа да ұйымдар қатыса алады.
2018 жылы Қалалық ортаны регенерациялау басқармасы бастаған жаңа питомниктің құрылысын ағымдағы жылдың шілде айында аяқтау жоспарлануда. Пайдалануға берілгеннен кейін, объектіні Нұр-Сұлтан қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасының балансына береді, содан кейін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу арқылы паналау баспанасын беру жобасын іске асыру үшін конкурс жарияланады. Осыған байланысты қалалық әкімдікте жаңа питомникті «Астана-ветсервис» ЖШС беру туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлады.
Айта кету керек, жыл басынан бері «iKomek» мониторинг және жедел әрекет ету орталығына қала тұрғындарынан иттер мен мысықтарды аулауға 2 мыңнан астам шағым түсті. Сондай-ақ, ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында құтырма және инвазивтік ауруларға қарсы ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде.
2019 жылдың басынан бастап қабудан, тырнаудан және сілекейлеуден 230 зардап шегуші антирабиялық көмекке жүгінді.
2017 жылы 2027 адам зардап шексе, 2018 жылы 2117 зардап шегуші антирабиялық көмекке жүгінді.