Елордада карантин талаптарын жүйелі түрде бұзып келген тағы бір мекеменің қызметі тоқтатылды

Елордада карантин талаптарын жүйелі түрде бұзып келген тағы бір мекеменің қызметі тоқтатылды

Елорданың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен қаладағы мейрамханалардың бірінің қызметі бір айға тоқтатылды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан қаласы 10 наурыздан бастап эпидемиологиялық ахуалды бағалау бойынша «қызыл аймаққа» енген. Шектеу шараларын бұзушылықтарды анықтау және оларға жол бермеу жөніндегі мобильдік топтар күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді. Ескерту жасалғанына, сол сияқты әкімшілік жауапкершілікке тартылғанына қарамастан елорданың кейбір мекемелері карантин режимінің талаптарын елемейді және оларды жүйелі түрде бұзып келеді. Олардың арасында Есіл ауданында орналасқан «Alanya» караоке-мейрамханасы бар.

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 12.02.2021 жылғы қаулысына сәйкес «Alanya» караоке-мейрамханасының қызметі бір ай мерзімге тоқтатылды.

Алайда мекеме басшылығы сот шешімін елемей, жұмысын ары қарай жалғастырды.

Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, осы жылдың 25 наурызында Нұр-Сұлтан қаласы Әділет департаментінің сот орындаушысы мейрамхананың кіру есіктеріне мөрленген белгі қойды, ал «Астана-АЭК» АҚ қызметкерлері электр желісінен ажыратты.

Кәсіпкерлік субъектілері карантин режимінің талаптарын және шектеу шараларын қатаң сақтауы тиіс.