
Birge платформасы іске қосылғаннан бері қала тұрғындары 190-нан астам идея ұсынды. Олардың ішінде әр түрлі ұсыныстар бар, яғни бірыңғай студенттік карта жасаудан бастап жаңа қоғамдық кеңістіктер ашуға дейін қамтылған. Оның әрбір бағытында ары қарай жаңғырту үшін қызықты және жаңа идеялар айрықша атап өтілді.
Бүгінгі таңда ашық онлайн дауыс беруге 13 бағыт бойынша 30 идея ұсынылды. Елорда тұрғындары мен қонақтары әр санат бойынша ұнаған идеяны таңдай алады. Онлайн дауыс беру 18.03-18.04.2021 аралығында өтеді.
Онлайн дауыс беруге мына санаттар ұсынылды: қоғамдық кеңістік, ТКШ, білім беру, бизнес, экология, жануарларды қорғау, көшелерді жарықтандыру, көлік, санитарлық тазалау, урбанистика-қалалық орта, туризм, мәдениет, әлеуметтік сала.
Әр санатта өзіңіз қолдайтын идеяны таңдай аласыз. Қала тұрғындарының көпшілігі қолдаған идеялар елордада жүзеге асырылады.
Өзіңізге ұнайтын идеяға дауыс беру үшін мына нұсқаулықтарды орындау қажет:
1. Сілтеме бойынша https://birge-elorda.kz/nur-sultan/ идеялар жинау платформасына өтіңіз;
2. Бұл идеяға дауыс беру үшін «дауыс беру» түймесін басу керек;
3. Әрі қарай ұсынылған идеялармен танысып, өзіңізге ұнайтынын таңдаңыз.
Егер сіз Birge сайтында тіркелген болсаңыз, логин, пароліңізді теріп, жүйеге кіре аласыз. Ал егер жоқ болса тіркелуіңіз қажет.
4. Алғыс білдіреміз, өңдеуден кейін дауысыңыз қабылданады.
Дауыс беруге қатысу үшін нақтылайтын сұрақтарды Нұр-Сұлтан қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының a.muxulova@astana.kz электронды поштасына жібере аласыз. Ал байланыс телефоны: 55-73-61.
Естеріңізге сала кетейік, елорданың «Birge» алаңы қала тұрғындарына елорданың тыныс-тіршілігіндегі проблемаларын шешу бойынша идеялар ұсынуға және ұсыныстарға дауыс беруге мүмкіндік береді. Елорда тұрғындары қаланы дамытуға белсенді араласты, аудандардың бәрінен нақты ақпарат алынды. Халықтан жиналған пайдалы ақпарат қаладағы жағдайды және тұрғындардың қажеттілігін талдауға мүмкіндік береді.