Елорданың су айдындарында балықтардың қырылуын болдырмас үшін іс-шаралар жүріп жатыр

Елорданың су айдындарында балықтардың қырылуын болдырмас үшін іс-шаралар жүріп жатыр

Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы «ЖасНұр» ведомстволық бағынысты кәсіпорнының күшімен бірнеше күн бойы суға аэрация жүргізеді.

Есіл өзенінде Триатлон паркінен Ақордаға қарай, сондай-ақ кәсіпорынға бекітілген Қоянды және Астана су қоймаларында балықтардың қырылуын болдырмау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Кез-келген резервуардың тіршілігін қамтамасыз ету үшін негізгі шарт – суды оттегімен уақтылы қанықтыру.

Қар мен аяз мұздың тығыздалуына және қалыңдауына ықпал етеді. Бұл өз кезегінде су астына оттегі мен жарықтың түсуіне кедергі болады. Бұл проблема балықтардың жаппай қырылуына әкелуі мүмкін. Айта кету керек, биыл су айдындарында мұздың қалыңдығы 55 см-ден 1 м-ге дейін жетті.

Осыған байланысты жыл сайын мұз астында оттегінің ең аз мөлшері қалатын болса Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «ЖасНұр» өндірістік-шаруашылық кәсіпорны» МКҚК Қоянды-Астана су қоймасында, сондай-ақ Есіл өзені мен Ақбұлақ бұлағында мелиорациялық жұмыстар жүргізеді. Сонымен, сорғыш шланг орнатылып, мотор сорғысы арқылы су астына оттегі жіберіледі.

Ары қарай, мамандар шұңқырларға қамыс орнатады. Қамыс судың қатып қалуына жол бермейді және оттегі жіберуін үнемі қамтамасыз етеді.