Алтай Көлгінов магистраль құрылысының барысымен танысты

Алтай Көлгінов магистраль құрылысының барысымен танысты

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Қабанбай батыр даңғылының қиылысында орналасқан халықаралық әуежай аумағындағы жобалық жолдың құрылыс барысымен танысты. Аралау барысында қала басшысына «оңтүстік-батыс айналма жолы» магистралі құрылысының аралық нәтижелері туралы баяндалды. 

Қабанбай батыр даңғылынан халықаралық әуежайға дейінгі магистраль учаскесінің құрылысын осы жылдың 1 шілдесіне дейін аяқтау жоспарланған. Елорда әкімінің нұсқауы бойынша әуежайдан кедергісіз өту жақын арада қамтамасыз етіледі.