
Нұр-Сұлтан қаласы Урбанистика орталығының мамандары мен «Уют» тұрғын үй кешенінің (ТК) тұрғындары кездесіп, жаңа қоғамдық кеңістіктің орнын анықтады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Есіл ауданының тұрғындары урбанистермен талқылау барысында жаңа қоғамдық кеңістік құра отырып, «Уют» ТК жанындағы бос учаскені абаттандыруды ұсынды. ПИК өкілдері мен белсенділер Сығанақ 18/1 аумағын абаттандыру бойынша үй арасында бос жатқан проблемалы учаскелерді «жандандыруға» тілек білдірді.
Қазіргі уақытта ұсынылған идеялар негізінде эскиздік жобаны әзірлеуге арналған техникалық тапсырма тұжырымдалады.