Елордада "Нұр-Сұлтан – таланттарға арналған магнит" тақырыбында дөңгелек үстел өтеді

Елордада "Нұр-Сұлтан – таланттарға арналған магнит" тақырыбында дөңгелек үстел өтеді

Нұр-сұлтан қаласының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын әзірлеу шеңберінде "Центр исследований и консалтинга" ЖШС қала әкімдігімен бірлесіп "Нұр-Сұлтан – таланттарға арналған магнит" тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді. 

Ұйымдастырушылар қала тұрғындарын осы іс-шараға қатысуға шақырады. Іс-шарада көтерілетін тақырыптар: 

- Отбасы, білім беру мекемелері 

- Жұмыс орындары, ауқымы және болашағы, кәсіпкерлікті қолдау 

- Отбасылық, тұрғын үй, қауіпсіздік, медицина, тұрмыс, бос уақыт үшін жағдай 

Талқылау барысында сіз 2050 жылға дейін елорданы дамытуға қатысты өз көзқарастарыңыз бен ұсыныстарыңызды бөлісе аласыз. Шақырылған қатысушылардың арасында қала әкімдігінің түрлі басқарма басшылары, қоғамдық ұйымдар мен кәсіпкерлік өкілдері. 

Іс-шара 20 маусымда сағат 9.30-дан (10-ға дейінгі кофе-брейк) 13.00-ге дейін Сарыарқа 8 мекен-жайында Park Inn Hotel Astana қонақ үйінде өтеді. 

Іс-шараға тіркеуге сілтеме: 

https://docs.google.com/forms/d/1GF4LyaGvgMHUriaZZTivO0-Qotj3B6Z5diomcQoMalc/edit

Барлық сұрақтар бойынша Тұрсынов Максатқа maksat@crcons.com электронды поштасына немесе 8 701 655 1860 телефонына хабарласа аласыз.