
«Қайырымдылық істер марафоны» аясында «SOS» балалар қалашығындағы тәрбиеленушілер үшін Қуыршақ театры қойылым көрсетті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
«ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында елордада «30 игі іс» ұранымен «Қайырымдылық істер марафоны» жобасы аясында, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КММ, Нұр-Сұлтан қаласының «Рухани жаңғыру» кеңселік жобасымен бірлесіп және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қуыршақ театры» МКҚК мекемесімен елордамызда орналасқан «SOS» балалар қалашығындағы тәрбиеленушілеріне арнап «Қаңбақ шал» қойылымы өтті. Қойылымға 8-18 жас аралығындағы жеткіншектер мен жасөспірімдер қатысты», - деп хабарлады «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы.