Елорда тұрғындары өз ауласында болатын өзгерістерді талқылады

Елорда тұрғындары өз ауласында болатын өзгерістерді талқылады

Нұр-Сұлтан қаласының Урбанистика орталығы Instagram парақшасында Абылай хан даңғылындағы қоғамдық кеңістікті абаттандыру мақсатында қорытынды қоғамдық талқылау өткенін мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Урбанистика орталығы тұрғындардың қатысуымен Абылай хан даңғылы, 52, 52А, 54, 54А мекенжайындағы үйлердің алдындағы қоғамдық кеңістікті абаттандыру мақсатында қорытынды Қоғамдық талқылау өткізді.

Аудан тұрғындарының барлық пікірлері мен тілектері ескерілген қоғамдық кеңістіктің тұжырымдамалық шешімінің дайын жобасы ұсынылды.
Өз кезегінде тұрғындар жоба бойынша түзетулер енгізді, әрі қарай ағымдағы жылы іске асыру және абаттандыру үшін жоба «Алматы» ауданы әкімдігінің аппаратына тапсырылады. Тұрғындардың азаматтық белсенділік танытып, сырттан бақылаушы болып қалмағаны қуантады. Жұмыла атқарылатын ісіміз жемісті болады деген үміттеміз», - деп жазады Урбанистика орталығы.