Елордада екінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан өтеді

Елордада екінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан өтеді

Нұр-Сұлтан қаласында ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан өтеді. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты Білім басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы хабарлайды: 11.03.2021 жылы ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің ЕКІНШІ ауысымындағы 0-4 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан оқыту форматына ауысады», делінген хабарламада.