«Президент» саябағының фонтандары апта сайын тазартылады

«Президент» саябағының фонтандары апта сайын тазартылады

 

«Алматы» ауданының әкімдігі аумақты санитарлық тазалау, соның ішінде «Президент» саябағындағы фонтан кешенін тазалау жұмыстарын тұрақты жүргізіп тұрады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. 

Жұмысқа 10 адам жұмылдырылды. Саябақтағы фонтан аумағын тазалау апта сайын жүргізіледі. Бірақ сүзгілеу және циркуляцияның ескірген жүйесіне байланысты арналар ішін шөп басып, түбіне лай жиналады.  Бұл жұмыс оларды құрғату жолымен шешіледі, сондай-ақ тракторлармен және щеткалармен механикаландырылған тазалық жүргізіледі, түбі тазартылады, содан кейін фонтан қайта сумен толтырылады. 

Қазіргі уақытта саябақты қайта жаңарту жобасы әзірленіп жатыр. Онда фонтандық кешеннің циркуляциясы мен сүзу жүйесін жаңарту қарастырылған.