

«Сарыарқа» ауданын абаттандыру жұмыстары күнделікті жүргізіледі. Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша мердігер ұйымдар таң атысымен Бейбітшілік көшесіндегі қоршауларды бояу жұмыстары жүргізілсе, футболшылар сквері мен Есіл өзенінің жағалауындағы көгалдар ретке келтірілді, деп қала әкімдігінің сайты хабарлады.
Осылайша, Желтоқсан көшесі мен Жеңіс даңғылы, футболшылар саябағы мен елорда жағалауында 17 жол жұмысшысы көгалдарды ретке келтіріп, артық шөптер тазартылды.
«Сарыарқа» ауданының аумағын күнделікті санитарлық тазалауды 20 мердігер ұйым жүзеге асырады. Жұмысқа 499 адам, 129 бірлік арнайы техника, 24 бірлік – ПМ, 11 бірлік МТЗ, 10 бірлік МКСМ, 45 самосвал, 29 фронтальды жүк тиегіш жұмылдырылды.
Сондай-ақ, аудан аумағын механикаландырылған жинауды 3 мердігерлік ұйым 187 жол жұмысшы және 63 арнайы техника күшімен жүзеге асырады.
Аудан көшелерін қолмен тазалауға 7 мердігер ұйым жұмылдырылды. Күн сайынғы жинауға 80 жол жұмысшы, 14 бірлік техника, оның ішінде 3 МТЗ, 7 самосвал, 3 фронтальды тиегіш жұмылдырылады.