Елордада екінші ауысымдағы 0-4 сыныптарына сабақ қашықтан өтеді

Елордада екінші ауысымдағы 0-4 сыныптарына сабақ қашықтан өтеді

Ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушылары үшін сабақтар қашықтан оқыту форматына көшеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты қаланың Білім басқармасына сілтеме жасап.

«Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы хабарлайды: 10.03.2021 жылы ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің ЕКІНШІ ауысымындағы 0-4 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтықтан оқыту форматына ауысады», - делінген хабарламада.