Елордада Қосшығұлұлы мен Жабаев көшелерінің бойында жол қозғалысы тоқтатылады

Елордада Қосшығұлұлы мен Жабаев көшелерінің бойында жол қозғалысы тоқтатылады

Инженерлік желілерді жүргізуге байланысты жол қозғалысы тоқтатылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Тұрғын үй-коммуналдық дамуының 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, "Елорда құрылыс компаниясы" ЖШС аяқталмаған құрылыс нысандарын жүргізу бойынша қала әкімдігінің уәкілетті ұйымы болып саналады.

Тұрғын үй құрылысының проблемалы объектілерінің бірі — №188 (жобалық атауы) және Ж.Жабаев, "Ақерке 2"(А блогы) көшелерінің қиылысында орналасқан жапсарлас үй-жайлары мен паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй кешені. Нысанның құрылысы 2021 жылдың 1 тоқсанында жоспарланған.

Құрылыс жұмыстарын жүргізуге және инженерлік желілерді жеткізуге байланысты жол қозғалысы жабылатын болады:

- Ш. Қосшығұлұлы көшесі, №7/1 үйдің аулалық бөлігінде электрмен жабдықтау кабелін төсеу және қолданыстағы №130 тарату қосалқы станциясына қосу бойынша жұмыстарды жүргізу үшін 2021 жылғы 6-13 наурыз аралығында;

- Ж.Жабаев және Ш.Қосшығұлұлы көшелерінің қиылысында сумен жабдықтау құбырларын тарту және қолданыстағы су құбырын тесу әдісімен 2021 жылғы 6-19 наурыз аралығында жұмыс жүргізу үшін.