Елорданың бас санитарлық дәрігері карантиндік шектеулер туралы жаңа қаулыға қол қойды

Елорданың бас санитарлық дәрігері карантиндік шектеулер туралы жаңа қаулыға қол қойды

Нұр-Сұлтан қаласындағы шектеу және карантин шаралары туралы жаңа қаулыға елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова 3 наурызда қол қойды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Жаңа қаулы бірқатар өзгерістерді қарастырады. Атап айтқанда базарлардың жұмыс уақыты ұзарды, оның ішінде демалыс күндері де олардың қызметіне рұқсат етілді. Сондай-ақ қашықтан жұмыс істейтін мекеме қызметкерлерінің саны 50%-ға дейін қысқартылды.

Жарияланған құжатта сондай-ақ "Ashyq" мобильді қосымшасын пайдаланатын бизнес субъектілерінің жұмыс алгоритмі көрсетілген.

Айта кету керек, жаңа қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енді. Құжаттың толық мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады: https://astana.gov.kz/ru/news/akty_akima_akimata/26450.