Елордада «Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын нысандардың жұмысына рұқсат беріледі

Елордада «Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын нысандардың жұмысына рұқсат беріледі

Ел астанасында «Ashyq» пилоттық жобасына қатыспайтын нысандардың жұмысына рұқсат берілмейді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласындағы шектеу және карантиндік шаралары туралы Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері С.Бейсенованың қаулысында көрсетілген, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын объектілердің жұмысына рұқсат беріледі. Дегенмен бұл жобаға қатыспайтын мынадай мекемелердің жұмысына тыйым салынады:

«Қызметі жаңартылмаған объектілерге: боулинг-орталықтарға, компьютерлік клубтарға («Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда), бильярд, караоке, батуттар, түнгі клубтар, букмекерлік кеңселер мен ойын клубтарына, оның ішінде жабық үй-жайлардағы лотереялар, ойын алаңдары мен аттракциондар, оның ішінде спорт объектілерінде орналасқандарды қоспағанда, мұз және роликті мұз айдындарына баруға тыйым салу», - делінген Қаулыда.