
Сервис және туризм колледжі базасында ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған аспаздық өнер бойынша мастер-класс ұйымдастырылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Іс-шара Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы мен «Бақытты Шаңырақ» қоғамдық қоры бірлесе ұйымдастырды.
Аталған мастер-классқа 6-18 жас аралығындағы 10-нан астам бүлдіршін қатысты. Олар шара барысында пицца дайындау бойынша аспаздық өнерді меңгерді және іс-шара соңында өз қолдарымен жасалған тағамдармен жақындарына дәм таттырды.