Елорданың қоғамдық көліктерінде жолақы төлеу жүйесінің кейбір сервистері уақытша қолжетімсіз болады

Елорданың қоғамдық көліктерінде жолақы төлеу жүйесінің кейбір сервистері уақытша қолжетімсіз болады

CTS 27 ақпан мен 1 наурыз аралығында елорданың орталық жолақысын төлеу жүйесін жақсарту бойынша профилактикалық және техникалық жұмыстар жүргізетін болады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«27 ақпаннан 1 наурыз сағат 09:00-ге дейін елорданың орталық жолақы төлеу жүйесін жақсарту бойынша CTS профилактикалық және техникалық жұмыстар жүргізеді», - делінген компаеия хабарламасында.

Техникалық жұмыстарды жүргізу кезінде:

- корпоративтік сайт және Transcard мобильді қосымшасы арқылы көлік карталарының теңгерімі қашықтықтан толтырылмайды және тексерілмейді;

- екінші деңгейлі банктер мен серіктестердің барлық сайттары мен қосымшаларында көлік карталарының теңгерімін қашықтан толтыру және тексеру қызметі жүргізілмейді;

- заңды тұлғалардың корпоративтік порталы істемейді;

- қосымшалар автобустарды көрсетпейді;

- аялдама кешендерінің электрондық таблосында ақпарат көрсетілмейді;

- Transcard.kz сайты жеңілдікті және мектеп көлік карталарын шығаруға онлайн өтінімдерді қабылдамайды.

27 ақпан күні Орталық касса сағат 13:00-ге дейін жұмыс істейді.

Техникалық жұмыстар кезінде RTVM автоматтарда көлік карталарын толықтыруға болады.