Көңіл көтерудің орнына айыппұл салынды: Елордада жаңа бұзушылықтар анықталды

Көңіл көтерудің орнына айыппұл салынды: Елордада жаңа бұзушылықтар анықталды

Мониторингтік топ Полиция департаментінің қызметкерлерімен, аудан әкімдігімен және еріктілермен бірлесіп, елордалық шағын және орта бизнес нысандарында карантин режимінің сақталуын тексеруді жалғастыруда. 29 қаңтарда кешкі аралау кезінде кезекті нысандар тексерілді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Есіл ауданын мониторингтік тексеру барысында мына мекемелердегі жұмыс тәртібін бұзу фактілері анықталды: "Ми Гён" мейрамханасы, Chechil Pub бар, ECHO мейрамханасы, "Strong"компьютерлік клубы.

Сарыарқа ауданында сағат 20.00-ден кейін "Nirvana" барының, сондай-ақ 22.00-ден кейін "Fresh mart" көкөніс дүңгіршегінің жұмыс істегені анықталды.

Байқоңыр ауданында карантин режимін бұза отырып, МЯТА лаундж-бары, "Фанат" ойын клубы, "Жаренная рыба" асханасы, "Шашлыкоff" гриль-бары және "OLD Tovern" сыра бары жұмыс істеді.

Құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік іс қозғалып, айыппұл салынды.

Мониторингтік топтар азаматтарға және мекеме иелеріне карантин режимі жалғасып жатқанын және бас санитарлық дәрігердің қаулысының талаптарын сақтау қажеттігін кезекті рет ескертеді. Тәртіп бұзушылар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.