"30 игі іс": Елордалық еріктілер еңбек ардагерлерінің ауласын қардан тазартуға көмектесті

"30 игі іс": Елордалық еріктілер еңбек ардагерлерінің ауласын қардан тазартуға көмектесті

Бүгін елордалық еріктілер еңбек ардагерлерінің ауласын қардан тазартуға көмектесті. Іс-шара ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "30 игі іс" акциясы аясында өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

"Астана жастары" КММ-нің күрек ұстаған еріктілері ардагерлердің ауласын реттеп, жиналған қарды жол бойына дейін тазартып берді.

2020 жылдан бастап "30 игі іс" акциясы аясында елордада мұқтаж отбасылардың баспанасын жөндеуге көмек көрсету, қарын тазалау, зейнеткерлерге қыс мезгілінде отын түсіруге жәрдемдесу, сол сияқты пандемияның алдын алу үшін Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментімен бірлесіп, бетперде тарату сияқты іс-шаралар жүргізілуде.

"Акцияның басты мақсаты - қала тұрғындары үшін игі іс жасау. Бұдан әрі акция аясында басқа да іс-шаралар жалғасатын болады" деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Астана жастары" КММ басшысының орынбасары Аян Ерментаев.