Сарыарқа ауданының әкімі Көктал-1 және Көктал-2 тұрғындарымен кездеседі

Сарыарқа ауданының әкімі Көктал-1 және Көктал-2 тұрғындарымен кездеседі

27 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің және "Алматы", "Байқоңыр", "Есіл", "Сарыарқа" аудандары әкімдерінің халық алдындағы жыл сайынғы есеп беру кездесулері басталады. Коронавирус пандемиясына байланысты кездесулер онлайн-форматта өтеді, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

 Қатысуға, өз ауданының әкіміне немесе қала әкіміне сұрақ қоюға тілек білдірушілер тіркеу сілтемесі бойынша өтуі қажет (https://nur-sultan-online.kz/) және тиісті нұсқауларды орындауы керек.

 Алғашқы кездесулер бүгін өтеді:

 - сағат 11:00-де "Сарыарқа" ауданының әкімі "Көктал-1" тұрғын алабының тұрғындарымен кездеседі.

 - сағат 15:00-де "Сарыарқа" ауданының әкімі "Көктал-2" тұрғын алабының тұрғындарымен кездеседі.

 Кездесулер Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің YouTube және Facebook ресми аккаунттарында, сондай-ақ ресми сайтында көрсетіледі.

 Бұған дейін хабарланғандай, 10 ақпан күні сағат 10:00-де Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновпен қорытынды кездесу өтеді. Сондай-ақ, кездесу елорда әкімдігінің YouTube және Facebook ресми аккаунттарында, ресми сайтында және "Астана" телеарнасының эфирінде көрсетіледі.