Нұр-Сұлтанда COVID-19 жұғуының өсуі байқалады

Нұр-Сұлтанда COVID-19 жұғуының өсуі байқалады

Елорда жақында эпидемиологиялық жағдайға байланысты «қызыл аймаққа» өтті. Нұр-Сұлтанның бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенованың ақпаратына сәйкес, COVID-19 инфекциясының апталық өсімі байқалады.

Індеттің өсуі - қала тұрғындарының әлеуметтік қашықтық ережелерін және басқа да санитарлық талаптарды бұзуымен байланысты. Осыған байланысты рейдтер күшейтілмек.

Санитарлық шаралар сақталмаса жағдай кез-келген уақытта нашарлауы мүмкін.

«Егер халық арасында жұқтыру саны артатын болса, біз қатаң шектеу шараларын кезең-кезеңмен немесе бірден енгізуге мәжбүр боламыз. Ауруға шалдығуымыз тікелей өзімізге байланысты. Мұны есте сақтау қажет. Елордадағы эпидемиологиялық жағдай қазір - «тұрақсыз». Дегенмен, тұрғындар медициналық бетперде кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау, бұқаралық іс-шаралар өткізбеу, адам көп жиналатын орындарға барудан аулақ болу сияқты қарапайым ережелерді бұлжытпай сақтайтын болса, қатаң шаралар қабылдау туралы ойымыздан бас тартуымыз мүмкін», — деді елорданың бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова.