Бүгін елордада ауа райына байланысты бірінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушылары үшін сабақ онлайн өтеді

Бүгін елордада ауа райына байланысты бірінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушылары үшін сабақ онлайн өтеді

Нұр-Сұлтан қаласында ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымдағы 0-4 сынып оқушылары үшін сабақ онлайн өтеді. Бұл туралы Білім басқармасына сілтеме жасап қалалық әкімдіктің ресми сайты хабарлайды.

«Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы хабарлайды: 22.01.2021 жылы ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің БІРІНШІ ауысымындағы 0-4 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтықтан оқыту форматына ауысады», — делінген хабарламада.