Енді Нұр-Сұлтандағы балабақшалармен шартты қашықтан ұзартуға және бұзуға болады

Енді Нұр-Сұлтандағы балабақшалармен шартты қашықтан ұзартуға және бұзуға болады

Елордалық ата-аналардың қашықтан балабақшалар арасындағы шартты ұзартуға және бұзуға, жаңадан жасауға мүмкіндігі бар. Аталмыш шара пандемия кезінде ыңғайлы. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова өз «Телеграм» парақшасында бөлісті.

Бұл қызмет пилоттық режимде жұмыс істеп жатыр. Күн сайын қосылған балабақшалар саны артып келеді. М. Бектұрова сондай-ақ ата-аналарға берілетін жеңілдіктер туралы атап өтті. Қашықтан тіркеу үшін, құжатты басып шығарудың қажеті жоқ, ол сандық нұсқада, заңды қорғау кепілі бар, шенеуніктермен және бақша өкілдерімен тікелей байланыс орнатылмайды. Сондай-ақ, ата-анасының келісімінсіз баланы мекемеге қабылдау мүмкін емес. Артықшылықтардың ішінде қызметтердің құны да ашық көрсетілген.

Білім беру ұйымдарына да осы әдіс пайдалы, өйткені қағаз құжат айналымы төмендейді. Қызметтерді төлеу құнын тиімді басқаруға болады және тағы басқа артықшылықтары бар.