
Нұр-Сұлтан қаласы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша республикада жетекші орында. Елордада 151 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру жоспарланған.
Бүгінде қалада 15959 адам Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде жұмыс істейді. Атап айтқанда, Жұмыспен қамту орталығы арқылы 8133 адам, мердігерлер арқылы 7826 адам жұмысқа орналастырылды.
Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысы атқаратын лауазымына байланысты 85000 теңгеден 250000 теңгеге дейін жетеді.
Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында елордада мектептер, ауруханалар, тұрғын үйлер, жолдар мен көлік және инженерлік инфрақұрылым жөнделді. Биыл бір аурухана мен екі емхана күрделі жөндеуден өтті. Білім беру саласында 10 балабақша, 10 мектеп және 5 білім беру ұйымдары жөнделіп, жаңартылды.
Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізген білім беру мекемелерінің бірі - N49 орта мектеп. 1300 балаға арналған мектеп 2005 жылы пайдалануға берілген. Содан бері білім беру мекемесінде ішкі әрлеу, жылу жүйесін жөндеу, суық су жүйесін жабдықтау, электр желілерін жаңарту қажет болды. Жұмыспен қамтудың жол картасы мәліметтері бойынша мектеп заманауи талаптарға сай жаңартылды, инженерлік жүйелер қалпына келтірілді. Жаңа оқу жылында оқушылар жаңа, жарық кабинеттерде оқи бастады. «Индустрой-2» ЖШС жүргізген жөндеу жұмыстарына 98 қызметкер тартылды. Оның 47-сі Жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналасқан.
Жол картасы бойынша бос жұмыс орындары туралы ақпарат www.enbek.kz порталында жарияланған.
Нұр-Сұлтан қалалық жұмыспен қамту орталығы мына мекен-жайда орналасқан: Бейбітшілік-25, «Өркен» БК. Жұмыспен қамтудың жол картасы туралы ақпаратты 7 (7172) 57 89 37, 57-88-89, 24-83-02, 8 777 116 82 73 телефондары арқылы алуға болады.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жұмыспен қамтудың жол картасын 2021 жылға ұзартуды тапсырған болатын. Жаңа жылда бағдарламада оны жүзеге асырудың бірінші кезеңінде анықталған барлық мәселелер ескерілуі керек.
Бүгін Мемлекет басшысы Ақорда резиденциясында облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерімен кездесуде Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша жұмыстарды тиісті деңгейде жүргізуді тапсырды.