
Мереке күндері, атап айтқанда 16-19 желтоқсан аралығында Нұр-Сұлтан қ. қоғамдық көлік қалыпты жұмыс істейді. Бұл туралы CTS мәлімдеді, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.
Жұмыс күнгі 18 желтоқсан 20 желтоқсанға ауыстырылды. Осыған орай жексенбі күні қоғамдық көлік сағат 06: 00-ден 23:00-ге дейін жұмысын жалғастырады.
Еске сала кетейік, қоғамдық көлікке бетпердесіз кіруге тыйым салынады. Автобусқа тек алдыңғы есік арқылы кіру қажет. Жол ақысы қолма-қол ақшасыз, яғни көлік картасы, SMS, QR-код арқылы төленеді.