
Карантинді бұзушылар елордада үш айға дейін жабылуы мүмкін. Бұл туралы брифинг барысында елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева айтты. Бүгінгі таңда бірқатар түнгі клубтар мен мейрамханаларға қатысты бұйрықты орындамағаны үшін Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына 7 әкімшілік хаттама жіберілді. Олар «SOVA» караоке-бары, «Жаным Сол» караоке-бары, «Alanya» түнгі клубы, «Teqila» лаундж бары, «Echo» бары, «Золото» мейрамханасы.
«Санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасының өкілдері соттан жоғарыда аталған нысандар қызметін 3 айға дейін тоқтата тұру түріндегі қосымша жазаны қолдану туралы өтініш жасайды», - деді брифинг барысында елорданың бас санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева.
Елордада карантин режимінің сақталуын мобильді топтар қадағалайды. Барлығы
2020 жылдың 5 шілдесінен 10 желтоқсанына дейінгі аралықта аудандық санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармаларына ішкі істер органдарынан 2262 хабарлама келіп түсті, оған сәйкес жалпы сомасы 220 миллион теңгеден астам 1163 жеке, лауазымды және заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.