
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру туралы бастамасы билік пен халық арасында диалог алаңын құруға мүмкіндік береді, деп есептейді елордалық мәслихат депутаты Қарақат Әбден.
Оның айтуынша қазақстандықтар мемлекеттік құрылымдармен бірлесе отырып алға қойылған міндеттерді шеше алады. Қарапайым жұртқа бұл кеңес мемлекеттік механизмдерді жақынырақ білуге, ал шенеуніктерге халықтың тыныс-тіршілігін, проблемаларын жақсырақ білуге мүмкіндік береді.
«Бізге бәрімізге конструктивті диалог қажет. Шенеуніктеріміз халықтың сөзіне құлақ асатын, шиеленіскен және түсініксіз жағдайлар тудырмау үшін қиындықтарды шұғыл түрде шешетін кез келді. Бұдан мемлекет қана емес, жалпы халық та көбірек пайда көреді деп ойлаймын. Бәріміз гүлденген Қазақстанда өмір сүргіміз келеді, дегенмен мемлекет игілігін көрумен шектелмей, ел үшін пайдасын тигізетін уақыт келді», - деп атап өтті Қарақат Әбден.
Сонымен қатар, депутат Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне енетін кандидаттарды іріктеуге дұрыс көзқарас қажет деп санайды. Ал олардың қатарына қалалар мен ауылдарды дамыту үшін күш салуға дайын кәсіби мамандар таңдалуы тиіс деген пікірде. Себебі мемлекеттік жұмыс пен бір қаланың болсын түрлі әлеуметтік міндеттерін шешу – бұл үлкен жұмыс.