
Шымкент қаласында 9 желтоқсан күні пауэрлифтингтен ел чемпионаты өз мәресіне жетті. Нұр-Сұлтандық спортшылар 23 алтын, 15 күміс, 12 қола медальді қоржынға салды. Жарыста ерлер, әйелдер және жасөспірімдер өнер көрсетті . Сонымен қатар, спортшылар үш сайыс бойынша бақ сынысты. Яғни, олар жатып, отырып, тұрып отырып зілтемір көтеру.
Елордалық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, алтын медальға ие болғандар: Диль Вера, Сункар Гульмира, Балгибаева Асия, Насретдинова Марина, Аушамов Алмас, Радченко Дмитрий, Салмен Азат, Рыбка Денис, Пищаев Роман.
Күміс медаль иеленгендер: Кабиева Жадыра, Казанский Александр, Пищаев Роман, Милованова Любовь, Салмен Азат, Минкин Андрей. Ал қола жүлдені Руденко Никита қанжығалады.
Айта кетсек, атылмыш жарыс ҚР Денсаулық сақтау министірлігінің барлық ережелері мен шарттарын сақтай отыра, көрермендерсіз өткізілді.