Сарапшылар «Бақытты Шаңырақ» ҚҚ семинарында қайырымдылық іс-шаралар ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісті

Сарапшылар «Бақытты Шаңырақ» ҚҚ семинарында қайырымдылық іс-шаралар ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісті

Семинарда азаматтық қатысу тәжірибесі туралы «Бақытты Шаңырақ» қоғамдық қорында ерекше қажеттіліктері бар балалардың аналарына айтылды. Іс-шара «30 игі іс» акциясы аясында өтті.

«Zoom арқылы бізбен байланысқа Шотландия азаматы Роберт Сим шықты, ол онлайн-режимде қайырымдылық концерттерін ұйымдастыру тәжірибесімен бөліседі. Ол қайырымдылыққа қалай келгенін, сондай-ақ Қазақстан мен Шотландия арасында осындай көпір құру идеясының қалай келгенін айтып берді. Оның айтатын ойы, жинаған білімі бар. Семинар тыңдаушыларымен біз «Бақытты Шаңырақ» қорының аналарын шақырдық, олар қатысуға үлкен ниет білдірді. Азаматтық қатысу тақырыбы оларға өте жақын және қызықты», - деді «Бақытты Шаңырақ» ҚҚ төрағасы Ботагөз Сұлтанова.

Семинарға 20 тыңдаушы қатысты. Оларды «Бақытты Шаңырақ» ҚҚ тәжірибесімен таныстырды. Сонымен қатар, олармен ҮЕҰ құру бойынша білгендерімен бөлісті.

Еске сала кетейік, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында елордада «30 игі іс» ұранымен әлеуметтік және қайырымдылық іс-шаралары өтуде. Бұл эстафетадағы ең басты мақсат – қала мен оның тұрғындары үшін игі іс жасау.

Қала тұрғындары эстафетаға қосылып, акция аясында өз аккаунттарында #Мейірімдіболуәдет, #Добротаобразжизни #Моднобытьдобрым хештегімен ақпарат немесе бейне жариялай алады.