
2020 жылғы 10 желтоқсанда «Электронды үкімет» e.gov.kz порталында Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Алтай Көлгіновтың қатысуымен интернет-конференция өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Онлайн-форум қатысушыларының кездесу шеңберінде «Қаладағы шеткері аймақтарды дамыту», «Үлескерлік құрылыс нысандарының мәселелері», «Тұрғын үй саласы мәселелерін шешу», сондай-ақ «Аула ішілік және жалпы қалалық аумақтарды абаттандыру» мәселесі бойынша тақырыптарды талқылайды.
Конференцияға қатысқысы келгендер e.gov.kz сайты арқылы («Ашық диалог» - Интернет-конференция парақшасына электронды цифрлық қолтаңба арқылы кіре алады). Басталу уақыты: сағат 09:00 ден 15.00 дейін.