
Астананы көшіру, қала құрылысы, ірі нысандардың ашылуы туралы шағын бағдарламалар циклі жалғасуда. Тұңғыш Президент күні қарсаңындағы акцияны елордалық қоғам қайраткерлері бастады. Тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров, 1997-1998 жылдардағы астананың бас сәулетшісі Тоқтар Ералиев, «Астана ақшамы» газетінің бас редакторы Еркін Қыдыр Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Ұлт Көшбасшысы Н.Назарбаев қабылдаған тарихи оқиға туралы ойларымен және естеліктерімен бөлісті.
«Біз Кеңес Одағынан ғарышқа ұштық, сапардан оралғанда Қазақстан тәуелсіз деп жарияланды», - деп еске алады Тоқтар Әубәкіров.
«Қазақстанның тұңғыш Президенті - белсенді, дана адам. Оның ұстанған көп векторлы саясаты ең дұрысы. Барлығы біледі. Соның арқасында біз Тәуелсіздік алғаннан кейін үлкен әлемге бейімделдік », - дейді Тоқтар Ералиев.