Астанадағы жәрмеңкеде Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарының өнімдері ұсынылады

Астанадағы жәрмеңкеде Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарының өнімдері ұсынылады

Астанада 17-18 қазан күндері Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарының тауар өндірушілері қатысатын кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Үш өңірдің шаруалары елорда тұрғындары мен қонақтарына 1600 тоннадан астам азық-түлік өнімін ұсынады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Жәрмеңкеде ет және ет өнімдері, сүт өнімдері, көкөністер, жұмыртқа, балық, бал, бакалея тауарлары және басқа да азық-түлік түрлері кеңінен ұсынылады.

Павлодар облысының тауар өндірушілері 110 тонна ет және ет өнімдерін, 440 тонна көкөніс, 17 тонна сүт өнімдерін, 24 тонна бакалея тауарларын, 14 тонна балық, 10 тонна бал, 100 мың дана тауық жұмыртқасын және басқа да өнімдерді ұсынады.

Солтүстік Қазақстан облысынан 1000 тоннадан астам өнім жеткізіледі. Оның ішінде 110 тонна ет және ет өнімдері, 400 тоннадан астам көкөніс, 180 тоннадан астам сүт өнімдері, 80 тоннадан астам бакалея тауарлары, 5 тонна балық, 10 тонна бал, сондай-ақ 240 мың дана тауық жұмыртқасы бар.

Ұлытау облысынан жәрмеңкеге 60 тонна ет және ет өнімдері, 20 тонна сүт өнімдері және басқа да азық-түлік тауарлары жеткізіледі.

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізудің негізгі мақсаты – елорда тұрғындарын қолжетімді бағамен сапалы отандық өнімдермен қамтамасыз ету. Сатып алушылар азық-түлік тауарларын делдалсыз, тікелей өндірушілерден сатып ала алады.