
Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданына қарасты Бозанбай ауылындағы «Бүркіт төбе» алаңында «Шығыс Салбұрыны – 2026» халықаралық фестивалі өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Фестиваль аясында құсбегіліктен І Азия кубогы ұйымдастырылды. Халықаралық додаға әлемнің 12 елінен 103 құсбегі қатысып, бүркіт, сұңқар, қаршыға және ителгі салу бойынша өзара бақ сынады.
Жарыс қорытындысы бойынша Астана қаласының спортшылары екі жүлделі орынға ие болды. Атап айтқанда, бүркіт салудан Күнтуған Серікбек күміс медаль жеңіп алса, қаршыға салудан Серікбекұлы Ерасыл қола жүлдегер атанды.