Астанада Бұқар жырау мен Төле би көшелерінің қиылысы жөндеу жұмысына байланысты жабылады

Астанада Бұқар жырау мен Төле би көшелерінің қиылысы жөндеу жұмысына байланысты жабылады

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы «Р. Бағланова көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі учаскедегі Төле би көшесінің құрылысын салу» жобасы аясында жол жұмысын жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осыған байланысты 12-13 қыркүйек күндері Бұқар жырау мен Төле би көшелерінің қиылысында көлік қозғалысы толықтай жабылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша өзгерістерді ескеруі қажет.