Елорда тұрғындары 15 кітап оқып, 600 мың теңге ұтып ала алады

Елорда тұрғындары 15 кітап оқып, 600 мың теңге ұтып ала алады

Астанада «Кітап оқитын ұлт» республикалық оқу марафонына тіркелу басталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Марафонға 6-10 сынып оқушылары, студенттер, педагогтер, мемлекеттік қызметшілер, отбасылық командалар, сондай-ақ жасына және мамандығына қарамастан ниет білдірген кез келген адам қатыса алады.

Қатысушылар тізімдегі 15 кітапты оқып, әр шығармаға қысқаша пікір білдіруі керек.
Өңірлік кезеңнің қорытындысы бойынша жеңімпаздарға ақшалай сыйлық беріледі. Бірінші орын иегеріне – 600 мың теңге, екінші орынға – 450 мың теңге, үшінші орынға – 300 мың теңге.

Марафон 2026 жылғы қыркүйектен 2027 жылғы сәуірге дейін қазақ және орыс тілдерінде өтеді.
Жобаға reading-nation.kz сайты арқылы тіркелуге болады.