Елордада Eńbegі Janǵan Arýlar іскер әйелдер конференциясы өтті

Елордада Eńbegі Janǵan Arýlar іскер әйелдер конференциясы өтті

Елордада Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Тамара Дүйсенова мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің қатысуымен Eńbegі Janǵan Arýlar іскер әйелдер конференциясы өтті. Іс-шараны әкімдіктің қолдауымен Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығы ұйымдастырды.

Басты мақсат - жұмыс істейтін әйелдердің маңыздылығын арттыру, көшбасшылықты нығайту, оларды нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру үшін біріктіру, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал санаттарын қолдау.

Спикерлердің айтуынша, бүгінде елордада 97 мыңға жуық бизнес өкілдері бар, олардың 54%-ы әйелдер. 2018 жылмен салыстырғанда отбасылық, демографиялық және гендерлік саясаттағы үкіметтік емес ұйымдар саны үш есе көбейіп, 44-ке жетті.

Қазіргі уақытта әлеуметтік маңызы бар салаларда 3 жылға есептелген ұзақ мерзімді сегіз жоба жүзеге асырылуда, оның екеуі отбасылық құндылықтар мен гендерлік теңдікті нығайтуға арналған. Президент Қ.Тоқаев атап өткендей, отбасы институтын, көп балалы аналарды қолдау, әйелдер кәсіпкерлігі және гендерлік теңдікті қамтамасыз ету мемлекеттік саясаттың маңызды басымдықтары.

Сондай-ақ, жиналғандар тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту бойынша өз жобалары мен ұсыныстарын таныстырып, мемлекет пен әкімдікке қолдау үшін алғыс білдірді.

Конференция аясында өз саласының мамандары - әйелдер де Нұр-Сұлтандағы әйелдер қозғалысының дамуына қосқан үлестері үшін алғыс хаттармен марапатталды.

Фото: Александр Куприенко