ҮЕҰ мен мемлекеттік органдар өкілдері өзара әрекет ету мәселелерін талқыламақ

ҮЕҰ мен мемлекеттік органдар өкілдері өзара әрекет ету мәселелерін талқыламақ

Үкіметтік емес ұйымдар мен қалалық басқармалардың кезекті кездесуі елордалық Азаматтық бастамалар орталығында өткізіледі. ҮЕҰ мен өкілді органдар жаңа әлеуметтік жобаларды және одан әрі өзара әрекет ету мәселелерін талқылайды.

Күн тәртібінде тұрған мәселе -ҮЕҰ желілік жобасы және "Құлақ асатын және сөйлейтін жастар" пилоттық жобасы мысалында баламалы әлеуметтік қызмет көрсетудің интеграцияланған моделін талқылау.

Бұдан басқа, кеңесте "Рухани жаңғыру" бағдарламасының бренд-амбассадорларымен өзара әрекет етуге, ҮЕҰ-ның және мемлекеттік органдардың "Бюджетке қатысу" жобасы бойынша жұмысына, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді цифрландыру процестеріне, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жобалардың құнын белгілеуге, ҮЕҰ өкілдерін мемлекеттік сатып алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына енгізуге қатысты мәселелерге назар аударылатын болады.

Нұр-Сұлтан қалалық Азаматтық бастамалар орталығы белсенді азаматтар мен үкіметтік емес ұйымдарды кездесулерге қатысуға және өз идеялары мен ұсыныстарын білдіруге шақырады.

Қатысу үшін:

1. Whatsapp нөмірлері бойынша тіркелу: +7 771 050 1537; +7 708 800 2887 және / немесе kameda@inbox.ru поштасы арқылы.

2. Хаттың тақырыбында "МО-мен кездесу" деп көрсету керек.

3. Хатта жеке деректерді көрсету қажет: аты-жөні; ұйымның атауы немесе азаматтық белсенді;

4. Байланыс (электрондық поштаны жазуды ұмытпаңыз).
Карантин шараларына байланысты қатысушылар саны шектеулі.
Іс-шаралар Нұр-Сұлтан қалалық ішкі саясат басқарманың қолдауымен өткізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінде елордада 2996 үкіметтік емес ұйым тіркелген, бұл Қазақстандағы ҮЕҰ жалпы санының 13,4% - ын құрайды. Идеяны жобаға айналдыруға, оны іске асыруға Нұр-Сұлтан Азаматтық бастамалар орталығы белсенділерге және үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық қызметтер көрсету, сондай-ақ заң және қаржы бөлімі бойынша консультациялар беру арқылы көмектеседі.

Мемлекеттік органдар мен Нұр-сұлтан қаласының ҮЕҰ өкілдері арасындағы кездесулер кестесі