Қысқы астана

Қысқы астана

Қарашада жауған қар мен бойыңды сергітер аяз жаныңа жаңа сезім сыйлап, жақындап қалған Жаңа жыл әсері көңілге көркем ой ұялатады.

Ақша қарға оранған астана таңғажайып кейіпке еніп, тұрғындардың көтеріңкі көңіл-күйі мен қуанышын еселей түседі. Әсем шаһардың әдемі көріністері қаланың оң жағалауы мен сол жағалауына қатар көрік береді.

Қарлы қарашаның бір күнінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты фотографтары саябақ аралап, бүгінгі қала көрінісін суретте «сөйлетуге» тырысты.

Бүгін қар құрсанған саябақтар ерекше жайдары.

Осындай жайлы күнде қала тұрғындары серуендеуді қолай көреді. Таза ауа мен сұлу саябақ тұрғындарға сергектік сыйлайды.

Коммуналдық қызметтер тек орталық магистральда ғана жұмыс істемейді.

Техника мен жұмысшылар саябақтардың да жарқырап тұруына жауапты.

Бас қаланың кез келген ауданынан өзіңізге ұнайтын орын таба аласыз.

Қала тұрғындары балаларымен қызық уақыт өткізуде.

Нұр-Сұлтан түнде де әдемі, биіктен көз салғандағы қала бейнесі жанарды елітеді.