Астанада Сығанақ көшесінің бір бөлігі жөндеу жұмысына байланысты жабылады

Астанада Сығанақ көшесінің бір бөлігі жөндеу жұмысына байланысты жабылады

Астанада 3-4 шілде күндері Сығанақ көшесінде Мәңгілік Ел көлік айрығынан Ақмешіт көшесіне дейінгі аралықта асфальтбетон жабынының үстіңгі қабатын төсеу жұмысы жоспарланып отыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жұмыстарды жүргізу кезеңінде көлік қозғалысы жолдың бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлап, ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет.