Астанада Төле би көшесінің бір бөлігі жөндеу жұмысына байланысты жабылады

Астанада Төле би көшесінің бір бөлігі жөндеу жұмысына байланысты жабылады

Астанада 5 маусымнан 5 шілдеге дейін Төле би көшесінің Бұхар Жырау көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі аралығында жол жамылғысын жөндеу жүргізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осыған байланысты аталған учаскеде көлік қозғалысы толықтай жабылатын болады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.