Астанада «Art & Tech Жаз» демалыс лагері ашылды

Астанада «Art & Tech Жаз» демалыс лагері ашылды

Астанада 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Техникалық және көркем шығармашылық орталығы» Мерекелік іс-шара ұйымдастырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Art & Tech Жаз» атаумен өткен іс-шара «Білім парк» филиалының спорт алаңында өтті. Мерекелік іс-шара балаларға қуаныш сыйлап, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған.

«Art & Tech Жаз» демалыс лагерінің I маусымының салтанатты ашылуы өтті. Мұнда балалардың жазғы демалысын тиімді әрі мазмұнды өткізу жоспарланған. Іс-шара аясында орталығымыздың тәрбиеленушілері дайындаған сәндік-қолданбалы өнер және қолөнер бұйымдарының көрмесі ұсынылды. Көрмеде жас шеберлердің шығармашылық ізденісі мен талантының нәтижесінде жасалған түрлі жұмыстар көрсетілді. Сондай-ақ, ардагер ұстаз, Суретшілер Одағының мүшесі, автопортрет жанрының майталманы Ақылбек Қабенұлы балаларға шеберлік сыныбын өткізді. Қазіргі уақытта үш жүзге жуық баланы қамтып отырмыз», – деді «Техникалық және көркем шығармашылық орталығы» директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Жанар Әбуова.

Орталықта қазіргі уақытта 37 үйірме жұмыс жасап тұр.