Астанада балалар денсаулығына қатысты тегін кеңес берілді

Астанада балалар денсаулығына қатысты тегін кеңес берілді

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында елордадағы MEGA Silk Way сауда-ойын-сауық орталығында қала тұрғындары мен қонақтары үшін балалар денсаулығы мен әл-ауқатына арналған арнайы алаң ұйымдастырылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шараға келушілер балаларға арналған профилактикалық тексерулер, сондай-ақ қолжетімді медициналық қызметтер туралы толық ақпарат ала алды.

Акция барысында мамандар ата-аналардың сұрақтарына жауап беріп, вакцинацияның маңызы, аурулардың алдын алу және балалар денсаулығын нығайту тақырыптарында түсіндіру жүргізді.

Елорда тұрғындарының бірі мұндай шараның пайдалы болғанын атап өтті.

«Қазір вакцинацияға қатысты түрлі алып-қашпа ақпарат көп, сондықтан мамандармен жеке сөйлесіп, сұрақтарыма нақты жауап алған өте маңызды болды. Мұндай іс-шаралар ата-аналарға балалар денсаулығы туралы дұрыс түсінік қалыптастыруға көмектеседі», – деді Астана қаласының тұрғыны.

Іс-шара Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылды.