Астанада Әйтеке би көшесі мен Қорғалжын тасжолының қиылысы ішінара жабылады

Астанада Әйтеке би көшесі мен Қорғалжын тасжолының қиылысы ішінара жабылады

Астана қаласының Коммуналдық шаруашылық басқармасы Әйтеке би көшесі мен Қорғалжын тасжолының қиылысында асфальтбетон жабынын қалпына келтіру жұмысын бастайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осыған байланысты, 30 мамыр мен 12 маусымы аралығында аталған учаскеде қозғалыс ішінара шектеледі. Бұл ретте автокөлік қозғалысы жолдың бір жағы арқылы екі бағытта ұйымдастырылады. Жұмыс кезең-кезеңімен жүргізіледі.

Аталған учаскеде кептелістердің алдын алу мақсатында мынадай балама бағыттармен қатынауға болады:
• Қорғалжын тасжолынан Е-489 көшесі арқылы;
• Қорғалжын тас жолынан Ұмай ана көшесі бойынша.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды барынша азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады.