Жас құтқарушылар: елордалық медицина қызметкерлері балаларды алғашқы көмек көрсетуге үйретті

Жас құтқарушылар: елордалық медицина қызметкерлері балаларды алғашқы көмек көрсетуге үйретті

«Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» базасында балалар үшін экскурсия және төтенше жағдайларда әрекет ету бойынша шеберлік сабағы өткізілді. Іс-шара Балаларды қорғау күніне орайластырылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Балалар жедел медициналық жәрдем қызметінің жұмысымен танысып, станция бойынша экскурсияны тамашалады, сондай-ақ практикалық шеберлік сабағына қатысты.

Станция мамандары қатысушыларға төтенше жағдайларда өзін-өзі ұстау ережелері, «жедел жәрдем» шақыру алгоритмі және дәрігерге дейінгі алғашқы көмектің негізгі дағдылары туралы айтып берді.