Алтай Көлгінов Беларусь елшісі Павел Утюпинмен кездесті

Алтай Көлгінов Беларусь елшісі Павел Утюпинмен кездесті

Алтай Көлгінов Беларусь елшісі Павел Утюпинмен кездесті. Қос тарап өнеркәсіп саласындағы мәселелерді талқылады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі өз инстаграм парақшасында жазды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

“Нұр-Сұлтанда коммуналдық және ауыл шаруашылығы техникасын, лифтілерді жинау бойынша бірлескен кәсіпорындардың ашылуы, өнеркәсіп салаларын одан әрі дамыту және тауар айналымын арттыру Беларусь Республикасының ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Павел Утюпинмен талқыланды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес кездесуде өнеркәсіптік кооперацияны күшейтуге – бірлескен кәсіпорындар мен жаңа тұрақты жұмыс орындарын құруға назар аударылды. Сонымен қатар, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық талқыланды. Түрлі бағыттар бойынша айтылған мәселелер қарастырылды”, - деп жазды Алтай Көлгінов.

Фото: Александр Куприенко