
Пушкин мен Янушкевич көшелерінің қиылысындағы жерде паркур алаңы бар қоғамдық кеңістік пайда болады. Бұл туралы архитектура, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы хабарлады.



Жобаланған ауданы - 3404 м2.

Бұл аумақ Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ маңындағы көпір кеңістігі - жаңа тартылыс нүктесінің қасында орналасқан. Аталған аумақта ересектер мен балаларға арналған бөлек паркур-алаңдар салу жоспарлануда.


Сонымен қатар орындықтар мен шатырлары бар әткеншектер орналастырылатын тыныш аймақтар құрылады. Жобада авторлық шағын сәулет нысандары пайдаланылатын болады. Бұл жұмыс келесі жылға жоспарланған.

