9 қарашада газ қосу жаңа сервис орталығының ашылуы өтеді

9 қарашада газ қосу жаңа сервис орталығының ашылуы өтеді

“ҚазТрансГаз Аймақ” АҚ жаңа сервис орталығының ашылуы 9 қарашада өтеді, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты. 

"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ сервис орталығынан газбен жабдықтау үшін техникалық шарттар алуға болады, сондай-ақ газ қосуға өтінімдер қабылданады. Аталған орталыққа Көктал-1;2, Железнодорожный, Промышленный, Агроқалашық елді-мекендерінің тұрғындары жүгіне алады.

Мекенжайы: Республика даңғылы, 24 үй, Парасат" БО.

Жұмыс кестесі 9:00-ден 18:30-ға дейін, үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін.

Еске сала кетейік, елордада тұрғын үй алаптарында газбен жабдықтау желілерін салу жұмыстары жалғасуда. Мысалы, Железнодорожный елді-мекенінде желілер арқылы газ жіберу толық қамтамасыз етілген. Газ қосатын тұтынушылар бойынша қажетті іс-шаралар жүргізілуде.

"Көктал-2 "және" Промышленный " елді-мекендерінде кварталішілік газбен жабдықтау желілерінің құрылысы бойынша жұмыстар аяқталды. Ішкі желілер бойынша іске қосу-жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Көктал-1 елді-мекенінде газбен қамтамасыз ететін тарату желілерінің 90 пайызы салынды. Бұл жұмыстар Агрогородокта және Оңтүстік-Шығыста жүргізілуде.

Биыл 1-ЖЭО және 2-ЖЭО қазандықтары газға ауыстырылды. Газдандыру процесі үш кезеңге бөлінген, барлық тұрғын үй алаптары кезең-кезеңмен қосылатын болады. Газдандыру экологияны жақсартып және тұрғындардың денсаулығына жағымды әсер етіп қана қоймай, жеке сектор тұрғындарының өмір сүру жағдайын айтарлықтай жеңілдетеді.

Газдандыру мәселесі Мемлекет басшысының бақылауында.