Елордада "түнгі соттардың" жұмысы талқыланды

Елордада "түнгі соттардың" жұмысы талқыланды

"Әкімшілік сот ісін жүргізу реформалары. Түнгі соттың ерекшеліктері " тақырыбында QORGAU заңгер-медиаторлардың зияткерлік клубы “Особые праздники" ҚҚ, “Qorgau халықаралық медиация және келіссөздер академиясы” ҚҚ қолдауымен онлайн-кездесу өткізілді. Кездесуге мамандандырылған ауданаралық Әкімшілік сотының судьясы Айгүл Қайдарова қатысты. Қатысушылардың айтуынша, "түнгі соттардың" негізгі идеясы - сот қорғауын ыңғайлы ету және іс жүргізу рәсімін жеңілдету.

"Іс жүргізуге қатысушылар қысқа мерзімде тараптардың жауапкершілік мәселесін де, зияг келтіргені үшін ақысвн өтеуге де байланысты мәселелерді шеше алады. Сонымен қатар, олардың уақыты үнемделеді, кешкі уақытта (18:30-дан 22:00-ге дейін) сот дауын жұмыс уақытынан тыс шешуге мүмкіндік береді", - деп атап өтті қатысушылар.

Сондай-ақ, онлайн-талқылау барысында білім беру мекемелерімен тығыз байланыста болу мәселесі көтеріліп, кейіннен студенттерге жұмысқа орналасу, практикадан өту туралы ұсыныс енгізілді.

Қосымша ақпарат алу үшін "QORGAU" заңгер-медиаторлардың зияткерлік клубына келесі байланыстар бойынша хабарласуға болады: 8 771 127 36 54, электрондық пошта мекенжайы: intel_klub2020@mail.