Мобильді топтар 1400-ден астам ШОБ субьектілерінде карантин тәртібінің сақталуын тексерді

Мобильді топтар 1400-ден астам ШОБ субьектілерінде карантин тәртібінің сақталуын тексерді

Әкімдік, СЭС өкілдері, еріктілер және полиция қызметкерлері карантинді сақтау және коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау бойынша рейдтерді жалғастыруда, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Сонымен, 30 және 31 қазанда сағат 22.00-ден 04.00-ге дейін Алматы ауданының мобильді тобы 34 нысанды тексерді.

«Көбіне кафелер, мейрамханалар, тамақтану орындары жұмыс уақытын үзіп тастайды. Әлеуметтік қашықтық сақтау бойынша ескертпелер бар. Сонымен қатар кейбір мекемелер ұжымдық іс-шаралар, туған күн, үйлену тойларын өткізіп, карантин тәртібін өрескел бұзады», - деді Алматы аудандық ТКҚСҚ бақылау басқармасы басшысы Гаухар Шапатаева.

Атап айтқанда, Алматы ауданында кезекті рейд барысында 6 нысанда заң бұзушылықтар анықталды.

«Шахрезада» мейрамханасы (Жұмабаев көшесі, 8) сағат 22: 21-де ашық болып, 15 келушінің қатысуымен ұжымдық іс-шара өткізген. «Babur» мейрамханасында (Байтұрсынов көшесі, 41) 30 адам болды.
«Инфинити» саунасы (Жанкент көшесі 180) сағат 23: 40-та жұмыс істеді, ішінде 4 клиент болған.

Карантин режимін бұзушылардың қатарында «Дельфин» автокөлік жуу орны (Балқантау көшесі, 56), «Мико» кафесі (Балқантау көшесі, 53) және «Надежда» гүл дүкені (Жұмабаев көшесі, 26/1) бар.

Барлығы 23-29 қазан аралығында елорданың барлық аудандарында 57 рейд жүргізілді. 1400-ден астам ШОБ тексерілді. 184 заң бұзушылық анықталып, 54 айыппұл салынды.